Фестиваль Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының қолдауымен ұйымдастырылады.
Іс-шараның мақсаты-мәдени дәстүрлерін сақтау және елорданың мәдени салтын дамыту: жас авторлардың танылған сөз шеберлерімен қарым қатынасына жәрдемдесу, оқырмандар мен іс-шараның қонақтарын жас ақындармен және өнер шеберлерімен таныстыру.
Кітап және поэзия фестивалі ретінде ойластырылған бұрын-соңды болмаған поэтикалық форум белгілі, сондай-ақ жас, талантты авторлардың поэзияға қызығушылығын арттыру, шығармашылықта өзін-өзі таныту және жеке тұлғалық дамуды жандандыруға бағытталған.
Фестиваль Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25жыл; Жамбыл Жабаевтың туғанына 170-жыл; саяси қайраткер Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл; ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуы сияқты мерейтойлық шараларға орайластырылып отыр.
Кітап және поэзия мерекесі дәстүрлі түрде ұлы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталып, оған ақын-жазушылар Марфуға Айтхожина, Серік Тұрғынбек, Тұрсын Жұртбай, Бақытжан Қанапиянов, Несіпбек Айтұлы, Табыл Құлиясов, Алдан Смайыл, "Нұр Отан" партиясының өкілдері қатысады.