Қазір қалалық қоғамдық көліктерде жолақы 90 теңге, енді жаңа қаулының негізінде автобус құнын 110 теңгеге арттыру ұсынылып отыр.
«Қоғамдық көліктермен жолаушылар мен жүк тасымалдауға 110 теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгіленсін», - делінген құжатта.
Қаулы Астана бойынша қала іші мен оның маңына жолаушылар мен жүктерді тасымалдау маршруттарына мынадай мөлшерде сараланған тарифті белгілейді:
- электрондық жол жүру құжаты немесе қосымша электрондық төлем сервистері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен жүктерді қоғамдық көліктермен тасымалдауға -110 теңге;
- электрондық жол жүру құжаты немесе қосымша электрондық төлем сервистері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен жүктер тасымалы -250 теңге;
- электрондық жол жүру құжаты немесе қосымша электрондық төлем сервистері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар орындарға тасымалдауға-110 теңге;
- электрондық жол жүру құжаты немесе қосымша электрондық төлем сервистері арқылы қолма — қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен жүктерді қала маңына қоғамдық көліктермен тасымалдауға – 1 шақырымға 9 теңге 50 тиын;
- қолма-қол ақшамен төлеген кезде жолаушылар мен жүктерді қоғамдық көліктермен тасымалдауға - 220 теңге;
- қолма-қол ақшамен төлеген кезде жолаушылар мен жүктерді қоғамдық көліктермен тасымалдауға-350 теңге;
- қолма-қол ақшамен төлеген кезде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар орындарға тасымалдауға - 220 теңге;
- жолаушылар мен жүктерді қолма-қол ақшамен төлеу кезінде қала маңына қоғамдық көліктермен тасымалдауға – 1 шақырымға 14 теңге.
Сондай-ақ, құжатта электрондық төлем жүйесінен ақау шыққан жағдайда жолаушының тегін жол жүруге құқығы бар екендігі айтылған.
Аталған қаулы жобасы 2024 жылғы 5 наурызға дейін қоғам талқылауына ұсынылып отыр.