Виртуалды тариф рәсімдеу толығымен онлайн жасалады, орталық кассаға барудың қажеті жоқ. Рәсімдеу тегін.
Валидация «Avtobys» қосымшасымен QR кодты сканерлеу, Bluetooth немесе көлік кодын енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Тарифті рәсімдеу үшін:
1. Смартфонға «Аvtobys» қосымшасын орнату;
2. Жеңілдік алушының телефон нөмірімен қосымшаға тіркелу;
3. Тranscard.kz сайтының «Электрондық өтінімдер» бөлімінде өтініш беру. Деректерді толтыру және құжаттарды тіркеу қажет.
Өтінім 1-3 жұмыс күні ішінде өңделеді (поштаға хабарлама келеді). Кейін виртуалды тариф «Avtobys» қосымшасына қосылады және оны пайдалануға болады. Виртуалды тарифтің мерзімі жоқ.
Маңызды:
1. Тарифті қолдану үшін интернет қажет, ал теңгерім керек емес.
2. Қауіпсіздік мақсатында виртуалды тариф пайдаланушының құрылғысына байланыстырылады. Құрылғы немесе телефон нөмірі өзгерген жағдайда Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайында орналасқан CTS Орталық кассасына жүгінуге болады.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен жеңілдікті азаматтар пластикалық көлік карталарын пайдалануды жалғастыра алады. Мектеп/жеңілдік көлік картасын екі жолмен рәсімдеуге болады:
- Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық кассадан;
- Transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс беру арқылы. Бұл ретте дайын көлік картасын Орталық кассаның ресепшнінен талон алмай, кезек бойынша алуға болады.
Мектеп көлік картасын алу үшін:
- оқу орнынан анықтама қажет (мектеп, колледж);
- туу туралы куәлік (ЖСН бар) немесе жеке куәлік;
- 3х4 бір фото.
Кассаға жүгінген жағдайда қосымша ата-анасының бірінің жеке куәлігі.
Мектеп көлік картасын алғашқы алу құны 1000 тг. Қайта шығару – 2000 теңге.
Кассаның жұмыс кестесі: дүйсенбі – сенбі күндері сағ. 09:00-ден 17:45-ге дейін, үзіліссіз. Жексенбі – демалыс.