Бұл туралы "Астана LRT" компаниясының басшысы Талғат Ардан мәлім етті.
«Шілде айында көліктік бақылаудың жаңа стандарты енгізіледі. Өте жаңа әдіс. Заңнамада өзгертулер енгізілген болатын, енді қоғамдық көлікте тегін жүргені үшін адамдар жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік полиция қызметкерлері көліктік бақылау қызметкерлерімен бірге әкімшілік айыппұл сала алады. Бұның барлығы заңдық тұрғыда бекітілді. Шілде айында ол жұмысты бастаймыз, ешкімге жасырын емес, қазір көптеген адамдар автобустарда тегін жүріп жүр. Бұның барлығы тәртіпті күшейтуге бағытталып отыр», - деді ол.
Еске сала кетейік, алдағы жылдары Астана автобустары кондукторсыз қызметке көшуді жоспарлауда. Жолақы арнайы электронды жүйелер арқылы алынады. Осы тұрғыда бұл қатаң шаралар өте өзекті болмақ. Себебі, автобустарда электронды жүйені алдап өткісі келетіндерге шектеу қойылады.