Астанада көкөніс арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада көкөніс арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қызметкерлері баға мониторингін тұрақты жүргізеді.

Өткен аймен салыстырғанда қырыққабаттың бағасы 38%, картоп - 14%, пияз- 6,3% төмендеген.

«Баға төмендеуі негізінен биылғы өнімді жинауға тікелей байланысты. Мысалы, картоп, пияз және қырыққабаттың көтерме бағасы 2 есеге төмендеді», - делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпараты бойынша, тұрақтандыру қорынан жыл басынан бері 300 тонна картоп, 339 тонна қант, 254 тонна күріш, 260 тонна қарақұмық жұмсалған.

Бұдан басқа, сарапшылардың ойынша қалған позициялар бойыншада бағалардың төмендеуі тиіс.

Маусым айынан бастап, кесте бойынша дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі жүргізіледі.

Мәселен, осы кезге дейін Түркістан және Қарағанды облыстарының қатысуымен 3 жәрмеңке өткізілген, онда 900 тоннадан астам өнім сатылған, ең алдымен, ет және сүт өнімдері және көкөніс пен жеміс.

4-5 тамыз күндері Жамбыл облысының жәрмеңкесі өтеді.