Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қызметкерлері баға мониторингін тұрақты жүргізеді.
Осыған қарай өткен аймен салыстырғанда қырыққабаттың бағасы 38%, картоп - 14%, пияз - 6,3% төмендеген. Ал қант бағасы 0,4%-ға арзандаған.
«Бағаның төмендеуі негізінен биылғы өнімді жинауға тікелей байланысты. Мысалы, картоп, пияз және қырыққабаттың көтерме бағасы 2 есеге төмендеді», - делінген ресми ақпаратта.
Ведомствоның ақпараты бойынша, тұрақтандыру қорынан жыл басынан бері 300 тонна картоп, 339 тонна қант, 254 тонна күріш, 260 тонна қарақұмық жұмсалған.
Бұдан басқа, сарапшылардың ойынша, қалған позициялар бойынша да бағалардың төмендеуі тиіс.
Маусым айынан бастап, кесте бойынша дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі жүргізіледі.
Мәселен, осы кезге дейін Түркістан және Қарағанды облыстарының қатысуымен 3 жәрмеңке өткізілген, онда 900 тоннадан астам өнім сатылған. Ең алдымен, ет және сүт өнімдері және көкөніс пен жеміс көп сатылды.
4-5 тамыз күндері Жамбыл облысының жәрмеңкесі өтеді.