Астанада «Көктал» мейрамханасы отқа оранды
09:18, 08 Сәуір 2012
АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше 12 с. 24 мин. Астанадағы Сарыарқа аумағында, Н. Тілендиев даңғылында салынып жатқан «Көктал» мейрамханасының жабындысы өртенді.
Бұл жайлы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жалын тілі 13 с. 44 мин. ауыздықталды. Өртті сөндіруге қалалық ТЖД техникалық қызметі жеке құрамының 55 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылды. Өрт аумағы 250 шаршы метрді қамтыды. Мерт болғандар мен жарақаттанғандар жоқ.