Астанада көктемнің алғашқы аптасында 183 қыз дүниеге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада көктемнің алғашқы аптасында (1-6 наурызда) 397 бала дүниеге келді, соның ішінде 214 ұл, 183 қыз.

Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады. Айта кетейік, наурыздың алғашқы алты күнінде қыздарға қарағанда ұлдар көп туған.