Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құрылғыны кеше кешке елорда тұрғыны тауып алған. «Кеше кешке сағат 18.54-те Астана қаласының тұрғылықты тұрғыны қоқыс салатын контейнер жанынан Ф-1 оқу гранатасын тауып алды», - делінген хабарламада.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, арнайы іс-шаралар барысында жарылғыш затты Астана қаласы ІІД Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тәркіледі.
Қауіпті жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД жеке құрамындағы 14 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.