Астанада көлемді суреттер фестивалі басталды
17:05, 04 Шілде 2009
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Елордада бүгін Астана күнін атап өту шарасы барысында көлемді суреттер фестивалі бастау алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауқымды суреттер салынатын орындар: елорда циркі, «Жастар» сарайы, «ҚазМұнайГаз» ғимаратының алды, сондай-ақ «Думан» сауда-ойын-сауық орталғының орталық кіру қақпасының алды және Есіл өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі.
ЗD - көшедегі бейнелеу өнері немесе «Street Painting» деп аталады, олар - тек сурет қана емес, асфальттағы (жаяу адамдар жолындағы) қалалық бейнелеу өнерінің нағыз туындысы.