10:55, 05 Мамыр 2009
Астанада «Көлеңке» фильмінің премьерасы өтті
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Елордалық «Жастар» сарайында «Көлеңке» деп аталатын Астанада түсірілген жаңа фильмнің премьералық көрсетілімі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Криминалдық драма тағдыр тәлкегімен түрлі жолмен кеткен екі достың өмірін баяндайды. Кейіпкерлердің бірі полиция қызметкері, екіншісі- мафиялық топтың жетекшісі. «Біз көлеңкелі бизнеспен айналысатын, өмірдің көлеңкесінде өмір сүретін адамдарды көрсеткіміз келді. Криминалдық мазмұндағы фильмнің сюжетінің берер тағлымы - «кез-келген қылмыс үшін жаза күтіп тұр», дегенге саяды», - дейді фильм режиссері Ренат Елубаев. Фильмге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Асылболат Ысмағұлов пен «101» тобының әншісі Ербол Жайлауов түскен. Режиссер фильмнің бюджеті туралы ақпаратты құпия қалдырып отыр. Оның айтуынша, фильм демеушілердің қаражатына және адамдардың ынталылықтарының арқасында түсіріліп отыр.