Астанада көлік картасын сайт арқылы толықтыру уақытша тоқтатылды
14:33, 17 Қыркүйек 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада көлік картасының төлемдерін сайт арқылы толықтыру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана LRT-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"www.transcard.kz сайтында техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 17.09.2018 жылдың сағат 12:00-ден бастап төлемдер уақытша қабылданбайды. Көліктік картаңызға түспеген төлемдер жақын арада банктік картаңызға кері қайтарылады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз" - делінген Астана LRT-ның фейсбук парақшасында.
Дегенмен көліктік картаны RTVM терминалдар мен мамандандырылған кассалардан жəне де QIWI терминалдардан толықтыруға болатыны айтылған. Сондай-ақ, жол жүру ақысын SMS хабарлама арқылы және QR код арқылы төлеу мүмкіндігі бар.