Астанада көлік қозғалысы ішінара шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Бөгенбай батыр даңғылы бойынша көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Бөгенбай батыр даңғылы бойынша (Уәлиханов көшесінен Алаш тас жолына дейін) №2 өтпежолдың деформациялық жігін ауыстыру жұмыстарының жүріп жатуына байланысты 7-27 шілде  аралығында көлік қозғалысы ішінара шектеледі», - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына жол кептелісіне тап болмас үшін  маршруттарын алдын ала жоспарлау ұсынылуда.