Астанада көлік саласының 607 маманы арнайы орталықта оқытылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қаладағы 8 көлік кәсіпорынының 607 маманы біліктілігін арттыру мен оқу курстарынан өтті. Бұл туралы Көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығында мәлімдеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.

«Біздің орталықта сегіз көлік кәсіпорынының 607 маманы оқытылды. Оның 353-і автобус жүргізушілері, 254-і кондукторлар. Мамандар негізгі оқу бөлімін тәмамдады, енді курс толық аяқталған соң, келесі деңгейдегі бағдарламаны меңгеретін болады. Тәжірибелік сағаттар арнайы жабдықталған бөлмелерде компьютерде өткізіледі. Тапсырмаға тест, есептер, жол қозғалысы ережелері және т.б. енгізілген», деп мәлімдеді орталықта. Естеріңізге сала кетейік, халықаралық стандарттарға сай оқытатын жаңа технологиялық кабинеттермен жабдықталған Астанадағы көлік мамандарының біліктілігі орталығы биыл мамыр айында ашылған болатын. Қазіргі уақытта орталық республикамызда баламасы жоқ орталық ретінде белгілі. Мұндақоғамдық көлік жүргізушілері қажетті білімді толық меңгере алады.