АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада белгісіз біреудің автокөліктің әйнек тазалағыш құралын ұрлау сәті iKomek бейнебақылауына түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған орталыққа сілтеме жасап.
Бейнебақылауда көрсетілгендей, ер адам қараңғы уақытта аула тұрағындағы жеңіл автокөліктің әйнек тазалағыш құралын шешіп алып, белгісіз жаққа бағыт алады. Дегенмен, ұры көп ұзамай тәртіп сақшысына ұсталады.
Айта кетсек, «Сергек» бейнебақылауы қала бойынша 413 аулада орналасқан, ол бойынша 4 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.