Астанада көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада автомобильдердің қоғамдық көлікке арналған жолақта қарбалас уақыттан тыс және демалыс күндері жүру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл жайында елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Елордада осы мәселені шешу бойынша онлайн дауыс беру басталды, ол 2023 жылғы 10-27 ақпан аралығында жалғасады.

Пилоттық жоба Абылай хан даңғылында А.Пушкин-Манас көшесі аралығына дейін енгізілді.

Бұл көшелерде қарбалас уақыттан тыс уақытта қарапайым көліктердің жүруіне болады.

Ал таңертеңгі сағат 07.30-дан 9.30-ға дейін және кешкі сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін автобус жолағымен жүруге тыйым салады.

Астаналықтар мына сілтемеде онлайн дауыс бере алады.