Астанада көліктің жүксалғышынан адам мәйіті табылды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана автотұрақтарының біріне қойылған автокөлік ішінен адам мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. 

10 тамыз күні Ақжол көшесіндегі автотұраққа қойылған автокөліктің жүксалғышынан 29 жастағы қала тұрғынының жансыз денесі табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық іздері жоқ. 

"Оқиғаға байланысты қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу аясында кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды", - делінген астаналық ІІД ресми хабарламасында.

Фото: www.instagram.com/eto_astana_detka/

Соңғы жаңалықтар