Астанада қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі өтеді

Фото: Гүлнар Серікжанованың жеке архивінен

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда күніне орай 4-6 шілде күндері «Ғашықтар» саябағының аллеясында қалалық көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады. 

Іс-шараның басты мақсаты – жас кәсіпкерлерді, қолөнершілерді, шеберлерді, жергілікті дизайнерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды қолдау және дамыту.

Астана әкімдігінің мәліметінше көрме-жәрмеңкеге 30-ға жуық шебер мен қолөнер иесі қатысып, өздерінің ерекше өнімдерін, қолдан жасалған бұйымдарын және авторлық жұмыстарын ұсынады.

Жәрмеңке 4-6 шілде аралығында күн сайын сағат 12:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетелік елордада мерекелік қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетіні туралы жазған едік