Астана қаласы Құрылыс басқармасының хабарлауынша, одан басқа, биыл жалпы ауданы 73,66 мың шаршы метр 1135 пәтерлік 8 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Ведомство «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын және 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырады. Бүгінде Басқарма бағдарлама бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатыр, оның бір бөлігі жақын арада 5 тұрғын үй кешенінің құрылысын бастауды қамтамасыз етеді. 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үйді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015 жылдың I жартыжылдығында 2 тұрғын үй кешені тапсырылады, атап айтқанда: - Н.Тілендиев көшесінің оңтүстігінде Сарыбұлақ арнасының жанындағы жалпы ауданы 3,20 мың шаршы метрді құрайтын 32 пәтерлік тұрғын үй кешені; - Сарайшық көшесінің оңтүстігінде М.Жұмабаев даңғылының шығысына қарай салынған тұрғын үй кешені. Қазіргі кезде аталған бағдарлама аясында жалпы ауданы 261,5 мың шаршы метрді құрайтын 5674 пәтердің құрылысы аяқталды. Тұрғын үй кешендерінде инженерлік құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуда, ішкі өңдеу, монтаждау және лифт қондырғыларын іске қосу-жолға қою жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысандар жыл соңына дейін пайдалануға берілмек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
17:23, 19 Желтоқсан 2014
Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында үш тұрғын үй кешені пайдалануға берілмек
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 49,4 мың шаршы метрді құрайтын 1097 пәтерлік үш тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.