Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 5 тұрғын үй кешені тапсырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде Астанада «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде бағдарлама аясында жалпы ауданы 130 мың шаршы метрді құрайтын 2 671 пәтерлік сегіз тұрғын үй салынып жатыр. Соның ішінде 1 574 пәтерлік бес тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланған, деп жазады astana.gov.kz.

Бұдан басқа, 1135 пәтерлік 8 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Пайдалануға беру мерзімі - 2015-2016 жж.

Жалпы бағдарламаны іске асыру аясында Астанада жалпы ауданы 84,06 мың шаршы метрді құрайтын 1 581 пәтерлік жеті тұрғын үй тапсырылды. 2015 жылы жалпы ауданы 108,4 мың шаршы метрді құрайтын 1 937 пәтерлік 10 тұрғын үйді салу жалғасады.