Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бағыты бойынша жалпы ауданы 61,8 мың шаршы метрлік 7 тұрғын үй кешені салынады. Бұл үйлерде 340 бір бөлмелі пәтер, 573 екі бөлмелі, 239 үш бөлмелі және 16 төрт бөлмелі пәтер болады. Аталған тұрғын үй кешендері келесі мекенжайлар бойынша орналасады:
- Сауран және №24 көшелердің қиылысындағы тұрғын үй кешені;
- Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені;
- Брусиловский, Иманов, Жұбанов көшелерінің қиылысында қосымша орынжайлары мен тұрағы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені;
- 23-31, 23-16, 23-17, 23-30 және А98 көшелерінің аумағындағы тұрғын үй кешендері.
Арендалық баспана бағыты бойынша кезекте тұрғандар үшін Сарайшық көшесінің оңтүстігі мен Жұмабаев көшесінің шығысында орналасқан ауданы 28,3 мың шаршы метрлік 430 пәтерге есептелген тұрғын үй кешені тапсырылатын болады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.