Астанада «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында жыл аяғына дейін 420 пәтер салынады

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Елордада «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында жылдың аяғына дейін жалпы көлемі 21 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 420 пәтер салынатын болады,

 деп хабарлайды елорданың реми сайты Астана қаласының Құрылыс басқармасына сілтеме жасап.

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауынан туындайтын тапсырмаларға байланысты жүзеге асыруда. Бағдарламада тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдаудың кешендік шаралары қарастырылып, оның басты мақсаты азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады

Бағдарламаға сәйкес, 2012- 2020 жылдары 69,05 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Қазақстан бойынша 2012 жылдың 9 айында 4,5 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.