Астанада қомақты көлемде доллар ұстаған қырғызстандық ұсталды
11:40, 26 Ақпан 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы Түркияға декларацияланбаған ақша алып өтпек болғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі таратқан мәліметке сәйкес, «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы өткізу бекетінің шекара кезекшілігі «Астана-Ыстамбұл» бағытындағы рейстен Қырғызстанның 30 жастағы азаматын 27 мың доллардан астам декларацияланбаған ақша қаражатымен ұстады. Шетелдік азаматтың ұсталғандығы туралы ақпарат өзара іс-қимыл жасаушы органдарға хабарланды.
Фото: vox.com