«Қаламызда көмір сататын 14 орын бар. Аталған орындарды 109 нөміріне хабарласып, олардың қай жерде орналасқанын, қандай көмір бар екенін, бағасын білуге болады. Мұндай ақпарат күнделікті жаңарып отырады. Астана қаласы мен көршілес Ақмола облысына қарасты елді мекендер газ келгенге дейін бір жылыту маусымында 500 мың тонна көмір тұтынатын. Газ келуіне байланысты бұл көлем биыл 364 мың тоннаға дейін қысқарды. Бірақ, жылыту маусымы өткеннен кейін ғана қанша көмір тұтынылғанын нақты айта аламыз. Себебі, көршілес Целиноград ауданында үй салу қарқыны жоғары», - деді Астана қалалық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Оның дерегінше, 1 мамыр мен 6 қыркүйек аралығында елордаға149 мың тоннасы жеткізілді.
«Қазіргі уақытта 14 көмір сататын орында 22 мың тонна бар. Әкімдік жыл сайын көмір сату орындарымен меморандум жасайды. Яғни, қоймалардағы көмір бағасы ешқашан өспейді. Бүгінде Шұбаркөл көмірінің 1 тоннасы – 15 100, Қаражыра – 15 500, Майкөбе 13 500 теңгені құрайды. Былтырмен салыстырғанда баға 1 мың теңгеге өсті. Оған жанармайдың қымбаттауы, тасымалдау, жұмысшыларға жалақы төлеу сынды жайттар себеп болды», - деді Мақсат Есмағұлов.