Қазіргі уақытта Астана қаласының тұрғындары үшін көмір өнімдерін сататын 11 тұйық көше және 14 орын бар. Ондағы көмір қоры – 13 мың тонна. Олар келесі мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1, Герцен, 6/2, Көктал, 28/1, Мақат, 40, Жамбыл Жабаев, 76, А.Жұбанов, 35, М.Дулатов 182/1, 85 (ЖЭО ауданы-3), 70-Жол, 9А, Герцен, 6б, Қарағанды тасжолы («Магнум» супермаркетінің артында).
Елорда әкімдігімен жасалған меморандумдар бойынша көмірдің орташа бағасы:
Шұбаркөл – тоннасына 15 100 тг;
Қаражыра – тоннасына 15 500 тг;
Майкуба – тоннасына 13 300 тг.
Қалада «109» нөмірі бойынша жедел желі жұмысын бастады, ол арқылы көмірдің болуы, сату орындарындағы бағалар туралы қажетті ақпарат беріледі.