27 қыркүйектегі жағдай бойынша «көмір сатылатын жерде» көмірдің жалпы қоры 7998,55 тоннаны құрайды. Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды.
«Қыркүйек айының 20 күнінде 56 мың тонна көмір жеткізілді. Бұл ауқым өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артық. Астана қаласы әкімдігі көмір нарығындағы жағдай күн сайын бақылап отыр. Сондай-ақ осы мәселеге байланысты «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды»,-делінген хабарламада.