Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

АСТАНА. KAZINFORM –  Астанада бір тәулік ішінде мың текше метрден астам қар күрелді.

Фото: Астана әкімдігі

Астанада күн суытып, алғашқы қар жауған соң қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қар күреу жұмысына жүздеген арнайы техника мен жол жұмысшылары жұмылдырылды.

Фото: Астана әкімдігі

4 қараша күні қала аумағынан мың текше метрден астам, яғни 86 жүк көлігі қар шығарылған.

5 қарашаға қараған түні қар күреу жұмысына 374 арнайы техника мен 234 жол жұмысшысы қатысқан.

Фото: Астана әкімдігі

Ең алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік жүретін бағыттар тазаланады. Кейін тазалау жұмысы қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жүргізіледі.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен жаяу жүргінші аймақтарында барынша абай болуға, сондай-ақ ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жолға шықпауға шақырады. 

Айта кетелік Ақмола облысында көктайғаққа қарамастан жазғы дөңгелекпен шыққан жүргізушілер жолдан қайтарылған еді