Астанада көмір қанша тұрады және қайдан сатып алуға болады

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада тұрғындар үшін 14 көмір сату орны және 10 қойма жұмыс істейді. Олардың барлығы қажетті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен жабдықталған. Аталған нысандарда көмір сатумен 8 компания айналысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Freepik

Көмір сату орындары мына мекенжайларда орналасқан:

  • Герцен көшесі, 4/1;
  • Герцен көшесі, 6/2;
  • Көктал көшесі, 28/2;
  • Мақат көшесі, 40;
  • Жамбыл Жабаев көшесі,
  • 76; Дулатов көшесі, 182/1;
  • Мақат көшесі, 4/1;
  • 70-проезд, № 9А; ЖЭО-2; 
  • 101-көше, 30Б;
  • Литейная көшесі, 44; Көктал көшесі, 28;
  • Герцен көшесі, 6Б.

Бүгінгі таңда көмірдің орташа бағасы:

  • Шұбаркөл – тоннасына 19 500 теңге;
  • Қаражыра – тоннасына 18 800 теңге;
  • Майкүбі – тоннасына 16 800 теңге.

– Сонымен қатар 109 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді. Осы нөмір арқылы тұрғындар көмір қоры, бағасы және сату орындарындағы қолжетімділігі туралы жедел ақпарат ала алады, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымында халық пен коммуналдық-тұрмыстық секторға 7,3 млн тонна көмір қажет екені хабарланған. Көмір жеткізілімдерін бақылау үшін бірыңғай цифрлық мониторинг жүйесі іске қосылды.