Астанада Қонаев пен Ақмешіт көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Д.Қонаев пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 17 тамыз сағат 19:00-ден 18 тамыз сағат 06:00-ге дейін аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. 

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордадағы Мұнайтпасов көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылатынын жазған едік.