Байрақты бәсекенің алғашқы сыны 125 см биіктіктегі кедергіден секіруден басталды.
Өзбекстандық Хуршидбек Әлімжанов Champions League тұлпарымен турнирдің алғашқы жеңімпазы атанып, алтын медаль еншіледі.
Қазақстандық Бекжан Байжанұлы King Diamond тұлпарымен екінші орыннан көрінсе, қырғызстандық Ринат Галимов D'Artagnan Z тұлпарымен үздік үштікті түйіндеді.
115 см биіктіктегі кедергіден секіру сынында Өзбекстан өкілі Бекзод Розмухамедов (Florizell) чемпион атанды. Ал Бернардо Краус Герра (Olza) күміс медаль еншіледі, Эйми Коллинсон (Hi Diarado) қола жүлдені жеңіп алды.
Айта кетейік, FEI Jumping World Challenge Final 2026 Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр. Астанадағы жарыста әлемнің 15 елінен келген спортшылар бақ сынап жатыр. Ал 11 қазақстандық спортшы еліміздің намысын қорғайтын болады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 29-31 мамыр аралығында Астанада алғаш рет Fédération Équestre Internationale (FEI) ұйымының үш халықаралық турнирі бір мезетте өткізілмек. Елордада FEI әлем кубогының кезеңі, FEI World Cup Challenge финалы және CDI1*/CDI3* халықаралық сайысы қатар ұйымдастырылады.