Елордада әлем кубогының кезеңі, Challenge Cup финалы, сондай-ақ, CDI1/CDI3 санатындағы жарыстар өтеді. Аталған додалардың барлығы Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) күнтізбесіне енгізілген.
Бәсекеге Бразилия, Колумбия, Үндістан, Марокко, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Республикасы, Мысыр, Эквадор, Ресей, Өзбекстан және өзге де елдердің спортшылары қатысады.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс бағдарламасына конкур мен атпен мәнерлеп жүру сайыстары енген.
Айта кетейік, 31 мамырға дейін жалғасатын бұл турнирлер 2026 жылы Германияның Ахен қаласында өтетін FEI әлем чемпионатына іріктеу кезеңдерінің бірі саналады.
29-31 мамыр аралығында Астанада алғаш рет Fédération Équestre Internationale (FEI) ұйымының үш халықаралық турнирі бір мезетте өткізілмек. Елордада FEI әлем кубогының кезеңі, FEI World Cup Challenge финалы және CDI1*/CDI3* халықаралық сайысы қатар ұйымдастырылатынын жазған едік.