Бағы мен бабы келіскен, сымбаты мен сыны, жүрісі мен жылдамдығы үйлескен сәйгүліктер сайыстың төрт бағдары бойынша сынға түседі. Жарыс 15 желтоқсан күні сағат 10:00-де басталады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 12 миллион теңгені құрайды.
Іс-шараны қала әкімдігінің қолдауымен Астананың ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясы ұйымдастырады.
Көрермендер үшін кіру тегін.