Астанада конкурдан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
09:44, 03 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM – 31 қазан мен 2 қараша аралығында елордадағы «Арғымақ» ат спорты кешенінде Қазақстанның конкур бойынша чемпионаты өтті. Биылғы сайысқа ел өңірлерінен келген 40-тан астам шабандоз қатысты.
«А» тобы, кедергілердің биіктігі - 145 см
- 1 орын — Раиса Соколенко (Prestige Horse Club), Уран-Над Виграми — 4 айып ұпайы, 70.34 сек.
- 2 орын — Олег Соколенко (Prestige Horse Club), Синдерелла — 4 айып ұпайы, 72.66 сек.
- 3 орын — Ксения Баталова («Дарнис» ат спорты клубы), Леди Ди — 4 айып ұпайы, 73.86 сек.
«B» тобы, кедергілердің биіктігі - 130 см
- 1 орын — Эстелла Бабаян (Шымкент қаласының ат спорты клубы), Таймаз — 4 айып ұпайы, 72.21 сек. / қайта жүру — 36.03 сек.
- 2 орын — Әнуар Досмаилов («Көкпар Астана» клубы), Обама — 4 айып ұпайы, 78.71 сек. / қайта жүру — 41.00 сек.
- 3 орын — Раиса Соколенко (Prestige Horse Club), Клю Голд — 4 айып ұпайы, 71.56 сек. / қайта жүру — 33.85 сек.
Қазақстанның конкур бойынша абсолютті чемпиондары
«А» тобы:
- 1 орын — Олег Соколенко (Синдерелла, Prestige Horse Club)
- 2 орын — Раиса Соколенко (Уран-Над Виграми, Prestige Horse Club)
- 3 орын — Азамат Хасенов (Мун Фейри, «Көкпар Астана» клубы)
- 3 орын — Ксения Баталова (Леди Ди, АСК «Дарнис»)
«B» тобы:
- 1 орын — Эстелла Бабаян (Таймаз, АСК Шымкент қ.)
- 2 орын — Нұрболат Қартқожақ (Бүркіт, Prestige Horse Club)
- 3 орын — Ануар Досмаилов (Обама, «Көкпар Астана» клубы)
Айта кетейік, Паралимпиадалық ат спортынан ел біріншілігінде елордалықтар 5 медаль жеңіп алды.