Астанада конкурдан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласында ат спортының конкур түрінен қыздар арасында ашық біріншілік өтеді.

Фото: gov.kz

Астана қалалық спорт басқармасы мәлім еткендей, еліміздің түкпір-түкпірінен келген бұрымдылар 8 наурыз күні «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде кіл мықтыларды анықтайды. 

Олар сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түседі.

• №1 маршрут «Ашық класс санаты»

• №2 маршрут «Жастар санаты»

• №3 маршрут «Әуесқойлар санаты»

• № 4 маршрут «4 жасар жас жылқылар санаты»

• №5 маршрут «5 жасар жас жылқылар санаты»

• №6 маршрут «6 жасар жас жылқылар санаты»

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 6 млн теңге. Спорттық іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Жарыс сағат 10:00-де «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде басталады (Қарқаралы тас жолы, 1., қала маңындағы №№303, 309, 320, 323 маршруттар қатынайды).