Астанада Конституция күніне арналған мерекелік веложорық өтеді
00:03, 23 Тамыз 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 тамызда Астанада Конституция күніне және Қазақстан велоспортының 100 жылдығына арналған веложорық өтеді, деп хабарлады astana.kz.
Оған қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен «Тур де Франс-2014» жеңімпазы Винченцо Нибали қатысады.
Веложарыс «Салтанат Сарайынан» басталып, «Астана Арена» стадионына дейін жалғасады. Ұзындығы - 4600 м.