деп хабарлайды «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген автокеруен тамыздың 27-сінде Алматыдан Астанаға жол тартады, ал тамыздың 30-ында елорда тұрғындары көкөніс, жеміс, ет және шұжық өнімдерін, жұмыртқа мен құс етін, сүт тағамдарын, нан-бөлке және кондитер өнімдерін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бағасымен сатып ала алады.
Жәрмеңке Астана әкімдігінің қолдауымен «Сарыарқа» ӘКК-мен бірлесіп өткізіледі. Жәрмеңкені елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов ашады деп күтілуде.