Астанада Конституция күніне орай өтетін веложарысқа қала тұрғындары қатыса алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 тамызда Астанада Конституция күніне арналған мерекелік веложарыс өтеді.

24 тамызда Астанада Конституция күніне арналған және «Тур де Франс-2014» жеңімпазы «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали мен команда мүшелері Якоб Фульсанг, Микеле Скарпони, Максим Иглинскийдің және Дмитрий Груздевтің, сондай-ақ велокоманданың бас менеджері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың қатысуымен қазақстандық велоспорттың 100 жылдығын атап өту аясында мерекелік веложарыс өтеді. Жарыс бағыты «Салтанат сарайының» алдындағы алаңнан басталып, «Астана Арена» стадионының алдындағы алаңға дейін жалғасады. Жарыс алаңының ұзындығы - 4600 м. Веложарысқа кез келген қала тұрғыны мен қонақтары қатыса алады, деп хабарланған елорда әкімдігінің сайтында.