Қалалық ІІД-нің Тергеу бойынша басқармасының қызметкерлері аталған шара аясында жеке тұрғын үйде 1981 жылы туған Өзбекстан азаматын ұстады. Оның тұрғылықты жерінен контрафактілік дыбыс-бейне жазбалары өнімдерін дайындау бойынша жасырын цех анықталды.
Нысанды тексеру барысында 370 дана DVD-дискідегі кинофильмдер, 160 дана CD-дискілер, 7 DVD жазатын жабдықтар, дискілерге арналған 900 дана файлдық орамалар, сондай-ақ түрлі-түсті принтер мен сканер, қағаз қиятын құралдар тәркіленді.
Аталған факті бойынша компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалды.