Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
Төтенше оқиға түнгі сағат 11 шамасында Алматы ауданы Толстой көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйде орын алды. Өрт электркабельдері шахтасының бойымен тұрғын үйдің 1 және 6 қабаттарына дейін көтеріліп, үйдің алғашқы қабатында орналасқан «Либерус» дүкенінің ішкі аспалы шатырын жалмады.
Жалынды ауыздықтауға ТЖД өртке қарсы қызметтерінің 30 адамы мен 8 техникасы, сондай-ақ Апатты медицина орталығының 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт бір жарым сағаттан кейін сөндірілді.
Құтқарушылардың айтуынша, оқиға салдарынан 27 жастағы бір азамат көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілген.