Астанада көп қабатты үй өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласындағы Б.Майлин көшесіндегі тоғыз қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға куəгерлерінің айтуынша, өрт шамамен кешкі сағат 21.00 кезінде басталған. Тілсіз жау үйдің бір қабырғасын жалмаған. «Өрт сөндіретін көліктер мен жедел-жəрдем өте көп болды», дейді оқиға куəгерлері.

Қазір қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өрттің себебі мен салдарын анықтап жатыр.

"Толық ақпаратты дайындап жатырмыз, қосымша таратылады",-деді ТЖД баспасөз қызметі.