Бұл ақпаратты ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Оқиға 27 шілдеде сағат 18.00-де Күмісбеков көшесі бойындағы үйде орын алды. «Ата-анасының қарауынсыз қалған 2014 жылы туған бала алтыншы қабатта орналасқан пәтер терезесінен құлап, оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады Руслан Иманқұлов.
Оның айтуынша, жаз басталғанда балалар көбінесе ересектердің қарауынсыз қалып жатады, осы кезде өрт, жазатайым оқиғалар саны артады. «Статистика бойынша Астанада жыл басынан бастап 9 бала зардап шеккенін көрсетті, оның 5-еуі ауруханаға жеткізіліп, 4-еуі қаза тапқан. 1-еуі терезеден құлап кете жаздап, құтқарылған. Негізінен олар ата-анасының қарауынсыз қалған балалар», - деді Руслан Иманқұлов.