Ғимаратқа қызмет көрсететін «Арнұр сервис 2005» ЖШС техникалық директоры Сәния Молдахметованың айтуынша 5 жыл бұрын көпқабатты үйді «Азбука жилья» компаниясы салған.
«Үйдің қабырғасы емес ғимараттың қасбетіндегі жылу сақтайтын плита қозғалып кеткен. Қазір «парашют» алдырамыз, ол - арнайы бұрандалар. Бәрін жөндемей осы жерден кетпейміз. Бұл туралы «109» нөміріне қоңырау шалып хабарладық, әкімдіктегілер де біледі»,-дейді Сәуле Молдахметова.
Оның айтуынша пәтер иелеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Үй аумағы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қоршауға алынды.