Бұрын хабарланғандай , қалаға қыркүйектің басынан бері 46,7 мың тонна қатты отын жеткізілген. Бүгін Астанаға 5 600 тонна Шұбаркөл көмірі түсірілді. Екі күн бойы тағы да 5 мың тонна көмір әкелінуі көзделіп отыр.
1 қыркүйектен 11 қазанға дейін Астана стансасында 46 726 тонна (Шұбаркөл - 8 349 т, Қаражыра - 16 704 т, Майкүбі - 21 673 т) көмір түсірілді. Жалпы 667 вагон жеткізілді, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ке көп деген сөз.
Астана қаласының аумағында орналасқан ірі көмір сату орындары мыналар:
Ет комбинаты, Көктал к., 78, 11 500 теңге (Шұбаркөл);
Абай-Жұбанов көшелерінің қиылысында, Жұбанов к., 35, 11 500 теңге (Шұбаркөл);
Қырқыншы станса, Ж. Жабаев к., 76, 11 500 теңге (Шұбаркөл);
Герцен к., 6/2, 11 500 теңге (Кузнецк);
Кенмарт, Қарағанды тас жолы, 10 500 теңге (Қаражыра);
Бетон орталығы, Дулатов к., 182, (Қаражыра, 2-сорт), тұтыну көмірі - 13 500 теңге, сұрыпталған көмір - 14 000 теңге;
Орталық базар, Алаш тас жолы, 19/1, 11 500 теңге (Шұбаркөл).