Аудан әкімі атап көрсеткендей, ҚР Президентінің ағымдағы жылы 1 наурызда қол қойған арнайы Жарлығына сәйкес, қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні мерекесі ретінде бекітілді. Осыған орай, ол бірқатар көпбалалы аналарды Отбасы күнімен құттықтап, «Алтын алқа» және «Күміс алқаларды» салтанатты түрде табыс етті.
Жалпы, 2010 жылдан бастап Астана қаласы Алматы ауданында тұратын 1303 көпбалалы ананың 655-сі - «Алтын алқамен», 648-і «Күміс алқамен» марапатталды.