Астанада көпқабатты 5 тұрғын үй сусыз қалды - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат - Астанада су құбырының жарылуы салдарынан көпқабатты 5 тұрғын үй сусыз қалды,

деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

ТЖМ-ның ақпаратына сәйкес, қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні сағат 03.15-те Сарыарқа ауданы Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы №24-ші үйдің маңында су құбырының 400 мм көлемде жарылуы болды. Оның салдарынан Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан көпқабатты 5 тұрғын үйдің тұтынушылары сусыз қалған.

Төтенше жағдайды жоюмен «Астана су арнасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 10 адамы мен 5 техникасы айналысуда.