Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
Хабарланғандай, 12 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 11 шамасында Сығанақ көшесінде орналасқан 8 қабатты тұрғын үйдің бірден төрт пәтерінде өрт шығып, жалын 170 шаршы метр аумаққа жайылған.
Тілсіз жаумен күреске ТЖМ Астана қаласы бойынша департаменті өртке қарсы құрылымының 47 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылып, от 1 сағаттың көлемінде ауыздықталды.