Астанада көпқабатты тұрғын үйдің лифт шахтасына адам құлап кетті - ТЖМ
12:24, 05 Қаңтар 2010
АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы 12 қабатты тұрғын үйдің лифт шахтасына 21 жастағы азамат құлап кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, үстіміздегі жылғы қаңтардың 3-і күні сағат 20.48-де Сарыарқа даңғылы бойында орналасқан «Махаббат-3» тұрғын үй кешенінің 10-шы қабатынан лифт шахтасына 21 жастағы азамат құлап кеткен. Қазір ол түрлі жарақаттармен ауруханада жатыр.