Астанада көпқабатты үйден секірмек болған келіншек полиция басқармасына жеткізілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көпқабатты үйден секірмек келіншек және ол сөзге келіп қалған күйеуі полиция басқармасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласыполиция департаментінің ресми өкілі София Қылышбекованың мәлімдеуінше, Достықкөшесінің бойындағы «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үйіне келген полиция жасағыкеліншек пен оның күйеуін Есіл аудандық Полиция басқармасына мән-жайды анықтауүшін жеткізген.

«Тексеру барысындакеліншек күйеуімен ұрсысып қалған соң көпқабатты үйден, биіктен төменгесекіремін деп күйеуін тек қана қорқытпақ болғаны белгілі болды. Алайда олсекіргісі келмеген.

Ерлі-зайыптыларғақатысты қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік өндірісқозғалды. Медициналық сараптамаға сәйкес ерлі-зайыптылар ішімдікке мас болған»,- деді ресми өкіл.

Еске сала кетсек,әлеуметтік желіде келіншек аталмыш тұрғын үйдің 32-қабатынан секірмек болған.


Әлеуметтік желілерден алынған фотосурет

Соңғы жаңалықтар