Астанада көпқабатты үйдің балкондары өртенді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Астанадағы Сарыарқа ауданында жексенбі күні сағат 16:07-де 9 қабатты тұрғын үйдің 7-9 қабат аралығындағы балкондары мен қаптамасы (алюкобонд) өртене бастады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен.

Өрт бір сағаттан кейін толық сөндірілді. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 28 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Жалын тілі 40 шаршы метр аумаққа тарады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.