Бұл мақсаттағы Қала күні мерекесіне дейін жүзеге асырылған жұмыстар одан әрі де жалғасын табатын болады. Бұл туралы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады. Айта кетейік, 2010-2013 жылдары Сарыарқа ауданындағы 707 ауланың 430-ы абаттандырылды. Сондай-ақ 80 аулаға ойын алаңдары орнатылды. Биыл ауданда 150 аула абаттандыру жұмыстарын қажет етеді. Қазіргі уақытта 50 аула жобаланса, 28 аулада құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынды. Есіл ауданында биылғы маусымда 13 тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары басталды: Сауран к-сі 4, Сығанақ к-сі 18 «Краун Плаза» ТК, Сауран к-сі 3, Достық к-сі 10 «Алматы» ТК, Сығанақ к-сі 15 «Визит» ТК, Тұран даңғылы 19/1 «Эдем» ТК, Қорғалжын тас жолы 4, 4/1 «Күлсай» ТК, Сарайшық к-сі 2, Жұбан ана к-сі 1, 3, 5, Мәжнүн тұйық көшесі 6. Аулаішілік аумақтарды абаттандыру әзірленген жобалар негізінде жүзеге асырылуда. Мәселен, Есіл ауданында 500 шаршы метрлік балалар алаңдары мен гимнастикалық алаңдарға резеңке жабын төселсе, 10 гимнастикалық тренажер мен 8 шағын архитектуралық жобалар (әткеншек, «Өрмекші» ойын кешені, құм алаңдары және т.б.) орнатылып, сондай-ақ 550 шаршы метрлік спорт алаңы жасалды. Қазіргі уақытта Алматы ауданындағы 20 аулада құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынды. Мұнда 13 ойын кешені, 18 құм алаңы, 18 кір жаятын орын, 6 спорт алаңы, 40 жарықтандыру тірегі, 194 орындық, 206 қоқыс жәшігі, 11 күрке орнатылады, 38 043,15 шаршы метр аумаққа асфальт, 1589,92 шаршы метр жүргінші жолына тас төселеді, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында.
03:21, 10 Шілде 2014
Астанада көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру жалғасуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жылдағы тәртіп бойынша биыл да аулалар, саябақтар мен скверлер жөнделіп, қалыпқа келтіріліп жатыр.